Министр еліміздегі 186 мың мектеп бітірушісі үшін оқу жылының аяқталуына арналған "Соңғы қоңырау" іс-шарасын 25 мамырда өткізуді тапсырды.
"Қатаң ескертемін". Ғани Бейсембаев соңғы қоңырауға байланысты үндеу жасады
Фото: primeminister.kz
936
оқылды

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz El.kz-ке сілтеме жасап

"Биылғы оқу жылы 25 мамырда аяқталатынын қатаң ескертемін. Осыған орай, оқу бағдарламаларын жыл бойына табысты меңгерген 3,8 миллионнан астам еліміздің оқушылары, келесі сыныптарға көшірілсін. Мектептің 1-10-сынып оқушыларына "Білімім Отаныма" тақырыбындағы Бірыңғай сынып сағаттарын өткізу 24 мамыр жұма күніне жоспарлансын. Бұл былтырғы жылдың қыркүйек айында енгізілген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» шеңберінде қабылданған жоспарға сәйкес ұйымдастырылуы тиіс. Әріптестеріміздің ұсынысы бойынша елімізде мамыр айында – "Ынтымақ айы" айлығын өткізу жоспарланған. Оның аясында "Таза Қазақстан", "Игі істер", "Каникулда кітап оқиық" және т.б. шаралар қарастырылған", – деді министр.

Сонымен қатар, еліміздегі 186 мың мектеп бітірушісі үшін оқу жылының аяқталуына арналған "Соңғы қоңырау" іс-шарасын 25 мамырда өткізуді тапсырамын.

"Биылғы жылдың түлектері аталған іс-шараны жоғары мәдениеттілікпен, ысырапсыз, даңғазасыз, рухани-адамгершілік деңгейінде өткізетініне сенімдімін. Бұл болашақ түлектер үшін өнегелі дәстүрге айналған жаңа форматтағы жоғары мәдениетті алғашқы шара болары сөзсіз. Оқу жылын аяқтауды сапалы ұйымдастыру және қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша өңірлік білім басқармаларының басшыларына дербес жауапкершілік жүктеймін", – деді министр.