Өнер иесі видеода аяғын басып кеткен көлікке тас лақтырмақшы болып, кейін райынан қайтады.
"Жаханды кешірмейсің бе?": Балжан Бидаштың кешірім туралы видеосы қызу талқыға түсті
Фото: instagram.com/bidash_official
3,984
оқылды

Танымал әнші Балжан Бидаш жеке парақшасында адамдарға кешіріммен қарау туралы видео жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өнер иесі видеода аяғын басып кеткен көлікке тас лақтырмақшы болып, кейін райынан қайтады. 

“Кешірімді болайық!”, – деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары видеоға түрлі пікір білдіріп, әншінің шыдамдылығына таңғалып жатыр. 

“Жаханды да дәл осылай кешірші”, “Неткен бәрін ішіне сақтайтын адамсың”, “Жахан қадіріңді білмеді”, “Ол Балжанның бағын жаға алмады”, “Балжан бірауыз ештеңе деген жоқ. Жахан жеті жерге сұхбат беріп үлгерді”, “Жахансыз жарқырап, жайнап жүргенге не жетсін?!”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.