Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Астанада Қабанбай батыр даңғылы учаскесі жабылады
Фото: gov.kz
1,169
оқылды

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қабанбай батыр даңғылы мен Иманов-Республика қиылысында жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Осыған байланысты 3-18 мамыр аралығында Қабанбай батыр даңғылының Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі учаскесінде (Дөңгелек алаңның үстіндегі көпір) көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.

Сондай-ақ А.Иманов-Республика көшелерінің қиылысында асфальт жабынына жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Қиылыс 7-9 мамыры аралығында ішінара жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.