«AMANAT» партиясы орталық аппаратының басшысы Мәди Оспанов Еңбек ардагері Назипа Әбжалелқызын Жеңіс күнімен құттықтады.
Өскелең ұрпақтың ардагерлерді ұмытпай, әрдайым қол ұшын созуға дайын тұратыны қуантады – Еңбек ардагері
636
оқылды

Назипа Әбжалелқызы Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Красная Коммуна ауылында дүниеге келген. Бала кезінен бастап ол қажырлы еңбекке тап болды. 8 жасында ол колхоздағы егістіктерде бидай жинауға атсалысып, астықты элеваторға сұрыптап жіберу жұмыстарына көмектесті. Кейін ол математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеп, өмірін білімге арнады. 

«Соғыс басталған жылдары біз бала болдық. Соған қарамастан, біз қиындық пен ауыр жұмысты ерте танып білдік. Мектептен аяқтағаннан кейін мен бүкіл өмірімді білімге арнадым, математикадан сабақ бердім. Әртүрлі аймақтарда жұмыс істедім. Өскелең ұрпақтың ардагерлерді ұмытпай, оларға көңіл бөліп, күнделікті өмірде әрдайым қол ұшын созуға дайын тұратыны мені қуантады», – деді ардагер.

 

1976 жылы Назипа Әбжалелқызына білім беру және жастарды тәрбиелеу саласындағы үздік жетістіктері үшін «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі» атағы, ал 1979 жылы Ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан көп жылдық үлесі үшін «Еңбек ардагері» атағы берілді.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.