Осылайша, қазақстандық балуан турнирдің ширек финалына өтті.
Олимпиадаға іріктеу турнирі: Дін-Мұхаммед Қошқар Еуропа чемпионын жеңді
Фото: ҰОК
872
оқылды

Түркияның Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу турнирінде Дін-Мұхаммед Қошқар ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, грек-рим күресінен 67 келі салмақта бақ сынап жатқан Қошқар 1/8 айналымда Еуропа чемпионы, румыниялық Михай Михуцты мерзімінен бұрын жеңді. 

Осылайша, қазақстандық балуан турнирдің ширек финалына өтті. 

Айта кетелік, Ыстамбұлдағы соңғы іріктеу турнирінде әр салмақта алғашқы үш орынға ие болған балуандарға жолдама беріледі.