Солтүстік Қазақстан облысында мамырда бұршақ жауып, дауыл соғып, күн күркіреуі таңсық емес.
Көлемі жаңғақтай: Солтүстік Қазақстанда бұршақ жауды (видео)
Фото: pkzsk.info
1,306
оқылды

9 мамырда Қазақстанның солтүстігінде кенеттен күн күркіреп, бұршақ жауды,  деп хабарлайды Aikyn.kz pkzsk.info-ға сілтеме жасап. 

Ауыл тұрғындары бұршақ пен жаңбыр жауған сәттің фото-видеоларын жариялады. Облыстың оңтүстік аудандарында бұршақ жауған. Тұрғындар бұршақтың көлемі жаңғақтай деп таңғалды.

Солтүстік Қазақстан облысында мамырда бұршақ жауып, дауыл соғып, күн күркіреуі таңсық емес. Бір жыл бұрын да өңірде мамыр айында қатты боран болған. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.