Танымал әртіс Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын айтты.
Айгүл Иманбаева: «Англияны сағынатын боламын»
aigul_imanbayeva
2,745
оқылды

Танымал әртіс, әнші Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде көпке еуропалық дипломын көрсетіп, жақсы жаңалығын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Мен Лондонға оқуға кеткеніме көзді ашып-жұмғанша бір жыл уақыт өтіпті. Елге қайтатын уақыт та келді. Иә, Англия елін сағынатын боламын. Себебі өремнің өрісін кеңейтіп, білімімді шыңдап, жақын дос, орта тауып, үлкен баға жетпес байлықпен келе жатырмын. Қазақ өнеріне де өз үлесімді қосып, өрелі, өнерлі, білімді шәкірт тәрбиелеп, өнерге осында алған біліміммен ары қарай жаңалық енгізсем деп келе жатырмын. Айтпағым сіздерден сүйіншілетіп, алған дипломымды көрсетіп, қуанышымды бөлісейін дегенім едім. Білім іздеген жандарға еш уақытта кеш емес. Әлемнің есігі қай жаста да, кімге де болса ашық», – деп жазды ол Instagram парақшасына. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.