Астана полициясы Қазақстанның Біріккен Араб Әмірлігіндегі елшісі кеңесшісінің әйелі Карина Мамаш "күйеуім ұрып-соқты" деген мәлімдемесінен кейін қылмыстық іс қозғады.
Әйелін соққыға жыққан дипломаттың үстінен қылмыстық іс қозғалды
www.istockphoto.com
362
оқылды

Бұл туралы Астана қаласының Полиция департаменті айтты, – деді Aikyn.kz.

"Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу мүддесіне қатысты басқа да мәліметтер жарияланбайды", – деп хабарлады Астана қалалық ПД баспасөз қызметі.

Айта кеткен жөн, осыдан бірнеше күн бұрын қазақстандық әйел БАӘ-дегі елшілікте кеңесші болып істейтін күйеуі әпкесі екеуін ұрды деп айыптаған.

"10 жыл бойы ол мені зорлап, ұрып-соғып келеді. Маған және оның қасындағы балаларыма да қауіп төніп тұр. Мен мемлекетімізден көмек сұраймын",– дейді әйел видеода.

Сол күні Сыртқы істер министрлігінің өкілі бұл қызметкер шұғыл түрде Қазақстанға шақыртылғанын, енді оның ісімен құқық қорғау органдары айналысатынын мәлімдеді.

Ал 9 мамырда Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі (БАӘ) елшісінің кеңесшісі Сәкен Мамаштың әйелі Карина Мамаш Астанадағы дағдарыс орталығына  орналасқан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.