Ол өз мансабында алғаш рет Grand Slam турнирінің финалына жолдама алып отыр.
Дзюдошы Ғалия Тынбаева алтын медальға таласады
olympic.kz
485
оқылды

Дзюдодан Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қазақстандық Ғалия Тынбаева алтын медальға таласады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

48 келі салмақта белдескен Тынбаева жартылай финалда франциялық Шырын Буклиді "ваззари" ұпайымен жеңді. 

Осылайша, ол өз мансабында алғаш рет Grand Slam турнирінің финалына жолдама алып отыр. 

Ал бүгін, 10 мамырда татамиге шыққан басқа қыздар (Алира Шегелекева, Диана Буркеева, Жібек Жақсыбай, Алима Жұмағалиева, Балнұр Әбдешева, Толғанай Әбеуова, Аружан Ережепова) жеңіліп қалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.