Бүгін белдесуде Елдос Сметов ресейлік дзюдошыға есе жіберді.
Елдос Сметов қола медаль үшін күреседі
ҰОК баспасөз қызметі
500
оқылды

Дзюдодан Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің алғашқы жарыс күнінде Елдос Сметов жүлдеге таласады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz  сайты Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

60 келі салмақта белдескен Сметов ширек финалда ресейлік Рамазан Абдулаевқа есе жіберген болатын.

Жұбаныш белдесуінде Елдос түрікменстандық Айбек Өміровты "иппон" ұпайымен жеңді. 

Осылайша, біраз уақыттан бері ірі жарыстарда жүлде алмаған Сметов Grand Slam турнирінің қола медалі үшін күреседі. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.