Ол Қазақстандағы әр ер адам көп әйелге үйленгісі келеді деген пікірде.
"Еркектердің 95 пайызы көп әйел алғысы келеді": Рүстем Жүгінісов 4 әйел алатынын айтты
Фото: видеодан алынды
8,225
оқылды

Бұрынғы әнші Рүстем Жүгінісов Instagram парақшасында 4 әйел алғысы келетінін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ол Қазақстандағы әр ер адам көп әйелге үйленгісі келеді деген пікірде.

«Еркектердің 95 пайызы көп әйел алғысы келеді. Оның ішінде өзім де бармын. Қалған 5 пайызы бір әйелім жетеді деп жүргендер, көп әйел алуға әлі дайын емеспін деп ойлап жүргендер де бар шығар. Әр еркек көп әйел алғысы келеді деп ойлаймын. Мен 4 әйел алғым келеді», – деді ол.

Айта кетейік, Президент Тоқаев Атырау облысында өткен Ұлттық Құрылтайда көп әйел алушылықты насихаттайтындарды қатаң сынаған.

«Елімізде қыз алып қашуды, көп әйел алуды ұлттық дәстүр санап, ел ішінде дәріптегісі келетіндер бар. Бұл – мүлдем ақтауға болмайтын заңсыздық, қараңғылық, тіпті, масқара тірлік. Өркениетті қоғамда әр азаматтың абыройы, құқығы және бостандығы баға жетпес құндылық болуы керек. Сондықтан мұндай ақылға сыймайтын әрекеттерді қатаң сынға алу жеткіліксіз. Оған құқықтық баға беріліп, біржола тосқауыл қойылуға тиіс», – деген болатын Мемлекет басшысы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.