Бұл туралы Сыртқы Істер министрлігінің ресми сайты жазды.
Қазақстан мен Әзербайжанның СІМ басшылары кездесті
389
оқылды

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Кездесу барысында тараптар қазақ-әзербайжан стратегиялық әріптестігі мен одақтастығын одан әрі нығайту мәселесін талқылады. Сондай-ақ өңірдегі ахуал бойынша пікір алмасты.

Сұхбаттасқан қос тарап тауар айналымы мен транзиттік-көліктік әлеует көлемін ұлғайту жөнінде пікір алмасты.

Қазіргі жағдай туралы айта келе, министр Д.Байрамов қазақстандық тарапқа Әзербайжан мен Армения арасындағы екіжақты бейбітшілік процесін ілгерілету бағытындағы қолдауы мен белсенділігі үшін алғысын айтты. Екі жақ та бүгінгі келіссөздер осы процеске өз үлесін қосатынына сенім білдірді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.