Іс-шара 23 мамырға дейін жалғасады.
Ұлттық кино орталығы алғаш рет Канн фестивалі аясындағы Marche Du Film кино нарығына қатысып жатыр
329
оқылды

Ұлттық киноны қолдау орталығы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен алғаш рет 77-ші халықаралық Канн кинофестивалі аясында Marche Du Film кино нарығына қатысып жатыр. Іс-шара киноиндустрия әлеміндегі ең маңызды оқиғалардың бірі және  23 мамырға дейін жалғасады.

Palais сарайында Kazakhcinema стенды орнатылды. Оның негізгі мақсаты – отандық киноөндірістің имиджін қалыптастыру, бірлескен киноөндірісті дамыта отырып, шетелдік серіктестерді тарту, сондай-ақ отандық фильмдердің танымалдығын арттыру. Сонымен қатар Қазақстан шетелдік фильмдер өндірісін субсидиялау жүйесін (рибейт) танымал етуге назар аударады. Оның құқықтық негізі Қазақстан Республикасының «Кинематография туралы» заңының қабылдануымен қамтамасыз етілген.

Айта кетейік, Marche Du Film  – 1959 жылы құрылған және жыл сайын Канн кинофестивалімен қатар өтетін халықаралық кино нарық. Кино нарықтың  негізгі міндеті – киноиндустрия мамандары арасында байланыс орнату және оны дамыту, халықаралық бизнестің дамуына ықпал ету.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.