Бұл бастама шығармашылық және креативті тұлғаларды өнер арқылы мұздықтардың еруі мәселесіне өз көзқарастарын білдіруге шабыттандыруға арналған.
TURAQTY JOL ұлттық әлеуметтік эконауқаны аясында "Мұз массивтерін қорғау" тақырыбында өнер байқауы басталды
390
оқылды

Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының федерациясы TURAQTY JOL Ұлттық Әлеуметтік экокампаниясы аясында "Мұз массивтерін қорғау" тақырыбында шығармашылық өнер байқауының басталғаны туралы хабарлайды. Бұл бастама шығармашылық және креативті тұлғаларды өнер арқылы мұздықтардың еруі мәселесіне өз көзқарастарын білдіруге шабыттандыруға арналған.

 Байқау Қазақстанның барлық өңірлерінен 12-35 жас аралығындағы қатысушылар үшін ашық және мұз массивтерін сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, сонымен қатар осы өзекті экологиялық проблемаға жұртшылықтың назарын аудару мақсатында өткізіледі. Байқауға қатысу тегін.

 Қатысуға өтінімдер 2024 жылғы 20 мамырдан 1 шілдеге дейін қабылданады. Қосымша ақпарат пен қатысу шарттары осы сілтеме арқылы қолжетімді.

 Байқау үш номинация бойынша өткізіледі:

 ·        Көркемдік номинация – "АРКТИКАЛЫҚ СУРЕТШІ"

·        Қолданбалы өнер номинациясы – "МҰЗ СИМФОНИЯСЫ"

·        Фотосурет номинациясы – "ҚОЗҒАЛЫСТАҒЫ МҰЗ ПЕЙЗАЖДАРЫ"

Қатысушылардың конкурстық жұмыстарын атақты шығармашылық қайраткерлер, ҚР Суретшілер одағы мен Дизайнерлер одағының өкілдері кіретін кәсіби қазылар алқасы бағалайды. Техникалық шеберлікті, өзіндік ерекшелікті және шығармашылықты қоса алғанда, қазылар алқасы негізгі критерийлерді ескере отырып, жеңімпаздарды анықтайтын болады. Финалистердің қалған жұмыстары 2024 жылдың 11-16 шілде аралығында TOURNAMAN платформасында ашық дауыс беруге ұсынылады, нәтижесінде "Қоғам таңдауы" санаты бойынша бір жеңімпаз анықталады.

 TURAQTY JOL -  бұл мәдени-адамгершілік және экологиялық құндылықтарды бойына сіңіру арқылы өскелең ұрпақты туған жерге ұқыпты қарауға бағыттайтын тәрбиелік бастама. Бұл бағдарлама - Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Федерациясының бас серіктесі ЦентрКредит Банкі және ресми серіктесі Chevron компаниясы, сондай-ақ “Шымбұлақ”  тау шаңғы курорты және Tournaman платформасымен ынтымақтастықта табысты жүзеге асырылған жобаның төрт циклінің жалғасы болып саналады. Жобаның іске асырылуы Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО iстерi жөнiндегi ұлттық комиссиясы, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік кеңсесі қолдауымен өткізіледі. Жобаның ақпараттық серіктестері: Alash Media Group және NurMedia холдингтері.

 Қосымша ақпарат алу үшін келесі байланыстар арқылы хабарласыңыз:

Мирам Айсана, +7(700) 394 32 92 (WhatsApp қолжетімді), pr.kazfuca@gmail.com.