Осы уақыт бойы олар Солтүстік Қазақстан облысының аумағында болды.
Солтүстік Қазақстан облысында іздеуде жүрген мерзімді әскери қызметшілер ұсталды
Фото: Солтүстік Қазақстан облысы қорғаныс істері департаменті
1,229
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысында әскерге кетіп бара жатқанда пойыздан қашып кеткен екі жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Осы жылы 27 сәуірде Петропавлда әскерге шақырылғандарды қызметтік орнына жөнелту кезінде пойыздан екі жігіт қашып кеткен. Содан кейін оларға іздеу салынды.

"Осы уақыт бойы олар Солтүстік Қазақстан облысының аумағында болды. Қазіргі уақытта Щучье гарнизонының әскери полициясы тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, оның барысында істің барлық мән-жайы анықталады", - деп хабарлады Петропавл гарнизонының әскери прокуроры Мейіржан Қасымжанов Tengrinews.kz сайтына.

Мейіржан Қасымжанов жігіттердің не себепті қашқаны және олардың әрі қарайғы тағдыры тергеу аяқталған соң белгілі болатынын айтты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.