Ақан уақыт оздырмай бірден қимылдап, балконда ілініп тұрған 5 жасар баланы құтқарып қалды.
Астанада оқушы 4-қабаттың балконында асылып тұрған 5 жасар баланы құтқарып қалды (видео)
Фото: видеодан кадр
929
оқылды

Елордалық тұрғын үй кешендерінің бірінде №31 мектеп-гимназиясының 7 ”Д”-сынып оқушысы Ақан Әкімжанов қайғылы жағдайдың алдын алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 20 мамыр күні Ақан аулада ойнап жүргенде 4-қабатта балконда ілулі тұрған баланы байқап қалған. Ақан уақыт оздырмай бірден қимылдап, балконда ілініп тұрған 5 жасар баланы құтқарып қалды. 

Ақан Әкімжанов – көпбалалы отбасынан шыққан. Ол өзінің осынау әрекетін кішкентай баланы көргенде ойланбастан жасағанын әрі өзінің де іні-қарындастарының бар екендігімен түсіндірді.  

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.