Бүгін аманаттықтар «ТazaLike» партиялық жобасы аясында Ыбықты сайында тазалық жұмыстарын жүргізді.
«Таза бейсенбі»: Аманаттықтар Ыбықты сайын тазалады
1,056
оқылды

Бүгін аманаттықтар «ТazaLike» партиялық жобасы аясында Ыбықты сайында тазалық жұмыстарын жүргізді. Бұл жөнінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев ҚР Премьер-Министріне жолдаған депутаттық сауалында айтып, еліміздің экологиялық жағдайын жақсарту және тазалықты сақтау мақсатындағы аптаның бір күнін тазалық күні ретінде белгілеуді ұсынған. Партиялықтар бейсенбіні «Таза бейсенбі» деп атап, шынайы халықтық шараға айналдыру жөніндегі ұсынысқа қолдау білдірді.

Жалпы табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза ұстау әрбір азаматтың парызы десек, Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» акциясы өңірде өте белсенді жүргізілуде.

Игі іске «AMANAT» партиясының облықтық, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы аудандық, Жаңаөзен қалалық филиал қызметкерлері мен «Жастар рухы» белсенділері де атсалысты. Маңғыстау облысының ғажайып табиғатының жауһары Ыбықты сайының табиғатының тазалығына өз үлестерін қосты. Табиғат аясында демалуға келіп, қоқыс қалдырып кете беретін тұрғындарды аманаттықтар табиғат ананы аялауға шақырады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.