Ер адам есікті қиратып, медбике қыз Салтанаттың тағдырын кешетінін айтқан.
"Екінші Салтанат боласың": ақтөбелік жігіт медбикені бір ай бойы аңдыған
2,190
оқылды

Ақтөбелік жігіт медбикені бір ай бойы аңдыған, – деп хабарлайды Massaget.kz "Диапазон" сайтына сілтеме жасап.

Ер адам есікті қиратып, медбике қыз Салтанаттың тағдырын кешетінін айтқан. Ер адам қызметкерлерді қорқытып, артынша қашып кеткен. 

Оқиға 22 мамырда қаладағы Отбасылық медицина орталығында болған.

"Кабинетте үшеуіміз отырамыз. Сағат таңғы 10 шамасында қолында сирень гүлі бар ер адам кіріп келді. Бұл бір науқас деп ойладық. Бірақ бұл мені бір ай бойы аңдып жүрген жігіт болып шықты. Бұған дейін маған бірнеше рет хабарласты. Ең алғаш оны қыздармен футболда сәуір айында көрдік. Артынша маған инстаграмда жазып жүрді. Мен учаскелік медбикемін, сондықтан менің нөмірімді де табу қиын емес. Ол жігіт маған әртүрлі нөмірмен хабарласып жүрді. Кездесуімізді талап етті. Ол жігіттен қорқа бастадым. Жақында менің үйімнің қасында тұрғанын айтып шығуымды сұрады. Мен жайыма қалдыруын сұрап, менің жігітім барын айттым. Тағы да хабарласқаннан кейін полицияға хабарластым. Патруль келіп, арыз жаздым. 22 мамырда ол жігіт жұмысыма келіп, айғайлап, мен сөйлесіп жүрген жігіт түрмеде отырғанын айтып, маған Бишімбаев секілді әрекеттер жасап, мен Салтанаттың тағдырын кешетінімді айтты", – дейді 22 жастағы Амангүл.        

Жергілікті Полиция департаменті ер адам ұсталғанын хабарлаған. Полиция мәліметінше, ер адам психиатриялық есепте тұр, оны психбригада алып кеткен. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.