ҚПК-нің 201-бабы негізінде іс бойынша өзге ақпарат жарияланбайды.
Қаңтарда ұсталғандарды азаптау ісі бойынша Алматы ПД бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды
Фото: Алматы ПД
3,954
оқылды

Бас прокуратура 2022 жылдың қаңтарында Алматы облысы Қарасай ауданы Қошмамбет ауылында орналасқан арнайы қабылдау орнында азаматтарды азаптау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тергеліп жатқан қылмыстық іс шеңберінде 2024 жылғы 28 мамырда Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 128-бабына сәйкес Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Берік Әбілбеков ұсталған. 

ҚПК-нің 201-бабы негізінде іс бойынша өзге ақпарат жарияланбайды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram арнасынан таба аласыз.