Пышақ жарақатын алған бір азамат жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Ақтөбедегі жанжалдан бір адам көз жұмды
549
оқылды

Ақтөбедегі жанжалдан оқ ату мен пышақ жарақаттары салдарынан бір адам қаза тауып, бірнеше адам жараланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 

Облыстық ПД мәліметінше, 28 мамырда 18-22 жас аралығындағы бірнеше тұрғын атыс және пышақ жарақаттарымен қалалық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген. Пышақ жарақатын алған бір азамат жансақтау бөлімінде көз жұмды.

«Осы қылмысты жасады деген күдікпен полиция төрт күдіктіні анықтап, ұстады. Олардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген хабарламада.

Кісі өлтіру және бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу  жүргізіліп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram арнасынан таба аласыз.