Астананың периметрі бойынша түрлі бағыттар бойынша 8 стационарлық полиция бекеті қойылды.
Астананы айнала 8 полиция бекеті қойылды
2,512
оқылды

Астананың периметрі бойынша түрлі бағыттар бойынша 8 стационарлық полиция бекеті қойылды. Тәртіп сақшылары азаматтардың құжаттарын тексереді, – деп хабарлайды Aikyn.kz nur.kz-ке сілтеме жасап. 

Астана қаласының Полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, қалада "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық шарасы өткізіліп жатыр.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу, жолын кесу үшін қала аумағында Қарағанды, Қосшы, Көкшетау, Павлодар бағыттары бойынша 8 "Рубеж" стационарлық полиция бекеттері, сондай-ақ Қорғалжын, Тайтөбе, Балқарағай, Астраханка бағыттары бойынша бекеттер қойылған.

"Бекеттерде құқық қорғау органдарының қызметкерлері азаматтардың құжаттары мен автомобильдерді тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексереді. Кіру және шығу бойынша шектеулер қарастырылмаған", - деді KAZ.NUR.KZ тілшісіне елордалық ПД өкілдері. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.