Құрылысшы алған жарақатының салдарынан оқиға орнында көз жұмған. 
Астанада 22 жастағы құрылысшы краннан құлап, көз жұмды
742
оқылды

Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде кран операторы биіктен құлап, қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қайғылы оқиғаны қалалық Полиция департаменті өкілдері растады.

Құрылысшы краннан түсіп бара жатып, құлап кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмған. 

– Аталмыш дерекке байланысты "Құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік техникаларын сақтамау салдарынан адамның мертігуі" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптама тағайындалды, – делінген хабарламада.

Өзге ақпараттарға сүйенсек, қаза тапқан құрылысшының жасы небәрі 22-де болған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.