Айтуынша, бұрын салмағы 135 келі болған. Бұған дейін ақын қыз 40 келі тастағанын, енді салмағы 60 кг болу арманы екенін айтқан болатын.
«60 келіге аз қалды»: Айшолпан Тілеутай тағы да салмақ тастағанын айтты
Фото: instagram.com/tleutai.aisholpan/
4,537
оқылды

Танымал айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай желідегі парақшасында тағы да салмақ тастағанын айтып, жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Айтуынша, бұрын салмағы 135 келі болған. Бұған дейін ақын қыз 40 келі тастағанын, енді салмағы 60 кг болу арманы екенін айтқан болатын.

«60 келіге аз қалды. Армандар белгілі бір сәтте ғана орындалады. Ол сәт «әр нәрсенің өз уақыты бар» деп аталады», – деп жазған ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.