Өнер иелері бірігіп, үлкен жобаға кіріскен.
Нұрлан Әлімжан Әйгерім Қалаубаевамен арақатынасы туралы айтты
Фото: stan.kz
20,276
оқылды

Танымал әнші, актер Нұрлан Әлімжан «1001 түн» телебағдарламасына сұхбатында өзін Әйгерім Қалаубаевамен қосатындарға жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Өнер иелері бірігіп, үлкен жобаға кіріскен.

"Мен тек Әйгеріммен дуэт айтамын. Әйгерім тек менімен дуэт айтады. Осындай ой бар. Өйткені, біз бұған кәдімгі жоба ретінде қарап жатырмыз. Бұған дейін арасында ғана той жүргізген кезге әндеріміз болсын десек, енді кәсіби тұрғыдан қараймыз. Әрбір үтір-нүктесіне дейін, оның киімі, стилі, клипіне мән береміз, өзінің жүйесі болуы керек", – деді өнер иесі.

Осы тұста бағдарлама жүргізушісі Әйгерім Сейфолла әншіден «Өнердегі жұлдызды жұптардың қатарын толтырасыздар ма?» деп сұрады.

«Алла бұйыртса, толтырамыз. Онсыз да толтырып келе жатырмыз деп ойлаймын. Осы күнге дейін жарыққа шыққан 2-3 әніміз бар. Ал енді жақында бөлек альбом шығады. Мұны әлі ешкім білмейді, тек жақын адамдарымыз ғана хабардар», – деп жауап берді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.