Nvidia көп ұзамай Apple-ді басып озып, әлемдегі екінші ірі компанияға айналуы мүмкін. Өйткені жасанды интеллект жүйелері Nvidia-ның чиптерінсіз жұмыс істемейді.
Бұл компания 5 айда 1 триллионнан 2 триллионға өскен
Nvidia 2024 жылы 1 триллион доллардан 2 триллион долларға дейін өскен ең жылдам компания. Фото securitylab.ru сайтынан алынды
1,732
оқылды

iPhone өндірушісі ұзақ жылдар бойы Уолл-стриттің нарықтық құны бойынша жылдар ең ірі компаниясының орнына Nvidia-ның келетіні туралы болжамды Reuters жариялады. Бұл хабарламаға сүйенген Aikyn.kz чип өндіруші компанияның қаржылық табысының жылдам өсуін талдайды.

Жоғары сапалы графикалық процессорлар Nvidia-ның құнын бір жылда үш есе өсіріп, 2,7 триллион долларға жеткізді. Фото nvidia.com сайтынан алынды

Жасанды интеллект нарығындағы Nvidia-ның жоғары сапалы чиптеріне сұраныстың артуы компания акцияларының бағасын соңғы бір жылда үш есеге жуық өсіріп, 2,7 триллион долларға жеткізді.

Нарықтағы ең қымбат компаниялар тізіміндегі алғашқы үштікті енді Microsoft бастайды. Apple бірінші орынды жылдың басында осы компанияға берді. iPhone-ға сұраныстың әлсіздігі мен Қытайдағы қатаң бәсекелестік осындай қиындықтарға алып келді. Компанияның қазіргі құны – 2,92 триллион доллар.

«Бұл, әрине, таңғаларлық жағдай, өйткені Apple ұзақ уақыт бойы өсу мен инновацияда үстемдік етті. Дегенмен Apple компаниясының инновациялар жолы жақында өзгерген сияқты, бұл болашақ өсудің баяулауын көрсетеді», – дейді Zacks Investment клиенттер портфолиосының менеджері Брайан Мулберри. 

Nvidia өсудің бір толқынынан кейін екіншісін бағындырып келеді. Жасанды интеллект жүйесінің күшеюін олар тамаша қолдана алды. Фото nvidianews.nvidia.com сайтынан алынды

Nvidia болса өсудің бір толқынынан кейін екіншісін бағындырып келеді. Жасанды интеллект жүйесінің күшеюін олар сұраныспен тамаша үйлестіре алды. Nvidia сонымен қатар Amazon.com, Alphabet Google және Saudi Aramco компанияларын басып озып, 2024 жылы 1 триллион доллардан 2 триллион долларға дейін өскен ең жылдам компания болды. Бұл биржа тарихында болмаған көрсеткіш.

Шамамен бір жыл бұрын күшті өсуді болжағаннан бері компания Уолл-стриттің жоғары кірісі мен пайда күтулеріне деген сенімді ақтап келеді.  

Nvidia туралы Aikyn.kz мамыр айында ғана 3 материал жариялады. Экономистер мен қаржы нарығы мамандары үшін, өзін дамытқысы келген оқырмандарға арналған мақалаларды мына сілтемелерден оқуға болады:

Бір күнде 274 миллиард долларға өскен компания

Қазақстан Nvidia-мен бірлесіп чип шығаратын зауыт салып, ондаған миллиард доллар табыс табады

Жаңа ChatGPT-4o чат-ботымен қазақша сөйлесіп көрдік. Бұл – ғажап! (ВИДЕО)

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.