Шығыс Қазақстан облысындағы кәмелетке толған қыз әкесінен алимент өндіріп алу үшін сотқа берді.
ШҚО: Бойжеткен өз әкесін сотқа берді
коллаж: Елдар Қаба
2,999
оқылды

Шығыс Қазақстан облысында бойжеткен өзінің оқу кезеңінде әкесінен алимент өндіріп алу үшін сотқа шағым түсірді. 

Қыз 2024 жылдың қаңтарында 18 жасқа толды. Осыған байланысты әкесінің алименттік міндеттемелері тоқтатылған болатын. Алайда қазір талап қоюшы жыл сайынғы оқу ақысының қымбаттап, 250 000 теңгеге жеткенін айтқан. Колледждің ақылы бөлімінде оқитын қыз әкесінің оқу кезінде өз еркімен материалдық көмек көрсетпейтінін сөз етті. 

"Егер ата-аналар өздерінің кәмелетке толған, бірақ жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары бiлiм беру жүйесiнде оқитын жиырма бір жасқа дейінгі балаларына, күтіп-бағу қаражатын ерікті түрде бермеген жағдайда, бұл қаражат олардан Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің 138-б. 2-б. сәйкес сот тәртібімен өндіріп алынады. Талап қоюшы осы құқығын пайдаланып, сотқа жауапкерден оны күтіп-бағу үшін белгіленген ақшалай алимент өндіру туралы арызбен жүгінді", – делінген соттың баспасөз ақпаратында.

Сот отырысында тараптар келісімге келіп, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтінішхат беріп, келісім сотпен бекітілді және осыған байланысты іс қысқартылды. Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.