Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты.
Халық утильалымнан түскен қаржының қайда жұмсалатынын білгісі келеді
856
оқылды

Қазір елге көлік әкеліп, машина жүргізгісі келетіндердің басты мәселесінің бірі – утильалым. Себебі азаматтар наразылық ретінде арнаулы петицияға қол қойды. Қазір салыққа қарсы адам саны 50 мыңнан асып кетті. Заң бойынша қарсы қол қоюшылар саны белгілі бір межеге жеткенде, міндетті түрде қайта қаралатын бұл процесс туралы Сенат мінберінен де айтылды.

"Халық өздерінен жиналатын қаражаттың қайда және қалай жұмсалатынын білгісі келеді. Жиналған қаражатты компаниялар қандай мақсатта пайдаланып жатқанын білуге тиіс. Бұл мәселеде ашықтық пен жариялылық керек. Барлық мәселе осы жерден туындап отыр. Болашақта жауапты мемлекеттік құрылымдар мен бұл қаражатты жұмсап жатқан компаниялар толық ашықтықты қамтамасыз етеді деп сенеміз", – деді Сенат төрағасы.

Халықтың сұрауы мен биліктің сынына жедел жауап қатқан ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың уәжі қоғамды қанағаттандырмады.

"Утильалымнан түскен қаражатқа бүгінгі таңда автомобильге арналған дөңгелектер мен шиналар, пластикалық автобөлшектер шығарылады. Кәсіпорындардың мүддесін қорғау – менің тікелей міндетім. Лоббизм жасады деу орынсыз. Отандық өнеркәсіптің дамуына жағдай жасауымыз керек", – деген еді министр Шарлапаев.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.