Қазақстанда кейбір ақша аударымдарын бұғаттайтын алаяқтыққа қарсы орталық ашылады.
Қазақстанда шілде айынан бастап кейбір ақша аударымдары бұғатталады
17,004
оқылды

Шілде айынан бастап Қазақстанда кейбір ақша аударымдарына тыйым салынады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұлттық банктің мәліметінше, алаяқтыққа қарсы орталық технологиялық алаң болмақ. Оған қаржы ұйымдары, құқық қорғау органдары, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары қосылады.

"Платформада нақты уақыт режимінде қаржы нарығы субъектілері арасында жалған транзакциялар, оның ішінде тиісті белгілері бар күдікті транзакциялар туралы деректер алмасылып отырады", – делінген хабарламада. 

Алаяқтыққа қарсы орталықтың міндеті азаматтардың ақшалай қаражатын жалған транзакциялардан қорғау, алаяқтық операциялар дер кезінде анықтау және бұғаттау.

Орталық 22 шілдеден бастап жұмысқа кіріспек.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.