Disney жыл сайын әр фильмнің түрлі тілдердегі 30-ға жуық нұсқасын дайындайды.
«Ойжұмбақ 2» анимациялық фильмінің қазақ тіліндегі көрсетілімі өтеді
2,423
оқылды

Disney мен Pixar компаниялары «Ойжұмбақ 2», Disney студиясы «Моана 2», «Муфаса: Арыстан патша» анимациялық фильмдерін өз қаражатына қазақ тіліне аударды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. Disney жыл сайын әр фильмнің түрлі тілдердегі 30-ға жуық нұсқасын дайындайды. Қазақ тілінің осындай ірі тілдер қатарына қосылуы – өте маңызды қадам. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аталған фильмдерді қазақ тіліне аудару бастамасын қолдады.

«Ойжұмбақ 2» анимациялық фильмі 13 маусымнан, «Моана 2», «Муфаса: Арыстан патша» фильмдері қараша айынан бастап еліміздегі барлық кинотеатрларында көрсетіле бастайды.

Ал Алматыда 11 маусым күні сағат 18.30-да Mega ойын-сауық орталығында өтетін Disney және Pixar студияларының «ОЙЖҰМБАҚ 2» анимациялық фильмінің қазақ тіліндегі көрсетілімі өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.