Бала үйдің жетінші қабатының терезесінен абайсызда құлап кеткен.
Ақтөбеде 5 жасар бала терезеден құлап, көз жұмды
779
оқылды

Ақтөбеде бес жасар бала абайсызда терезеден құлап, көз жұмды,  деп хабарлайды Aikyn.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

​Бала бөлмесінде ойнап жүріп, көпқабатты үйдің жетінші қабатының терезесінен абайсызда құлап кеткен.

"Жазатайым оқиға салдарынан алған дене жарақатынан бала оқиға орнында қаза тапты. ​Өкінішке қарай, мұндай оқиға биыл облыста бірінші рет емес. Жыл басынан бері жеті жасөспірім бала терезеден құлады, салдарынан бір бала көз жұмды", – делінген Өңірлік ПД хабарламасында.