Жиналғандарға алдымен сақтық шаралары түсіндіріліп, содан кейін ғана олар өзен бойын тазалауға кірісті.
«Таза Қазақстан»: «AMANAT» партиясының  «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы Жетісуда жалғасты
605
оқылды

Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «AMANAT» партиясы әр апта сайын ұйымдастыратын  «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын бастады.  Бүгін партияның Жетісу облыстық филиалының   4 000   мүшесі мен «Жастар рухы» Жастар қанатының белсенділері Жетісу облысы бойынша аумақтарды тазалауға шықты.

Партияның ұйытқы болуымен өткен шараға барлық деңгейлі мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, спортшылар және әртүрлі мекемелер қолдау білдіріп, Талдықорған қаласындағы Қаратал өзенінің жағалауын қоқыстан тазартты. 

Жиналғандарға алдымен  сақтық шаралары түсіндіріліп, содан кейін ғана олар өзен бойын тазалауға кірісті. Пластикалық және шыны құтыларды қапқа салып, аумақты ретке келтірді. 

«Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шара бүгінгі күні халықтың ыстық ықыласын, белсенділігін туғызды.  Заңсыз қоқыс орындарына айналған бұл аумақтарды тазартып қана қоймай, біз осы акция арқылы жастарға үлкен тәрбие беріп жатырмыз.  Сондай-ақ біз алдын ала ластанған аумақтардың картасын әзірлеп шықтық. Соның негізінде аталған шара барлық ауданда да өтіп жатыр. Әр саланың қызметкерлерінен бөлек, жалпыұлттық акция басталғалы қолдау білдіріп жатқан тұрғындарға да алғыс білдіреміз»,  деді өңірлік партия филиалының төрағасы Арыстанғали Қадырұлы. 

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында қамтылған маңызды басымдықтың бірі – экологиялық мәселелерді шешу.  Осы орайда облыс бойынша қоқыстанған  113 учаске анықталып, арнайы карта әзірленді.  Бүгін  66 арнайы техниканың жұмылдырылуымен  300 тонна қоқыс шығарылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.