Оқиға орнында құрғақ шөптің жанғаны анықталды.
Абай облысында орман өртеген адам жазаға тартылды
486
оқылды

Абай облысында орман өртеген адам жазаланды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Абай облысының Өртке қарсы қызметіне «Семей орманы» МОТР РММ Новошульба филиалының Орталық орманшылығы аумағында орман жамылғысы аймағының жанғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына өңірдегі ТЖД күштері мен құралдары және «Семей Орманы» МОТР қызметкерлері келгеннен кейін жалпы ауданы 0,03 га құрғақ шөптің өртенгені анықталды.

Іздестіру шаралары барысында кінәлі адам анықталды. Трактор иесі – Боровлянка ауылының тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 367-бабы 3-бөлігі бойынша 184 600 теңге сомасына айыппұл түрінде әкімшілік жауапқа тартылды, – дейді Төтенше жағдайлар министрлігі.