Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті.
Ақтөбеде шатыр басып қалған көліктен екі азамат құтқарылды
529
оқылды

Ақтөбеде құтқарушылар шатыр басып қалған көліктен екі азаматты аман алып шықты, -  деп жазады Aikyn.kz.

«Екпінді желдің салдарынан Алматы ауданында қойма ғимаратының шатыры ішінара бұзылу салдарынан 2 жеңіл автокөлік зақымдалды», — делінген хабарламада. 

Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары көліктен өздігінен шыға алмаған 43 жастағы ер адам мен 13 жастағы баланы кесуге арналған құралдардың көмегімен құтқарып алды.