"Таза бейсенбі" акциясы "Таза Қазақстан" жобасы шеңберінде жалпы мақсаттарға қол жеткізу үшін, Қазақстандағы экологиялық жағдайды жақсарту және өмір сүру сапасын арттыру жолындағы маңызды қадам болады.
"Таза бейсенбі" экологиялық акциясы аясында барлық өңірде ластанған аумақтың картасы жасалды
568
оқылды

Мемлекет басшысының “Таза QAZAQSTAN” жалпыұлттық науқаны бастамасын қолдау мақсатында республиканың барлық өңірінде 6 маусымнан бастап «AMANAT» партиясының “Таза бейсенбі” акциясы бастау алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Акцияға “AMANAT” партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов, қалалық филиал Атқарушы хатшының міндетін атқарушы Бекайдар Тулегенов, фракция жетекшісі Қайрат Имашев, мәслихат депуттары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, партия қызметкерлері, қалалық “Жастар рухы” ЖҚ белсенділері, бастауыш партия ұйымдары мен БАҚ өкілдері қатысты. 200-ге жуық акцияға қатысушылар А-2 жолының бойын қоқыстан тазартты. 

“AMANAT” партиясы Мемлекет басшысының реформаларын іске асыру бойынша қоғамдық тірек бола отырып, Президенттің бұл бастамасын қолдап, 5 бағыт бойынша жұмысқа бастамашы болды:

1. Экологиялық саладағы норма шығармашылық қызмет;

2. Өңірлердегі ластанған аумақтардың карталарын жасай отырып, “Таза бейсенбі” экологиялық акциясы;

3. Road – “Астана-Алматы” трассасының жол бойындағы аумағын тазартуға арналған “Таза Қазақстан” эстафетасы;

4. Тарихи, мәдени және табиғи мұраны вандализмнен қорғауға арналған қоғамдық науқан;

5. Жасыл еріктілік-экологиялық еріктілер қозғалысын құру.

Айта кетейік, "Таза бейсенбі" экологиялық акциясы аясында барлық өңірде алдын ала елді мекендердің ластанған аумағының картасы жасалды. Әр бейсенбіде партияластар, белсенділер, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері осы жерлерді қоқыстан тазартуға шығады. Кейіннен әрбір ластанған учаскеге партияның бастауыш партия ұйымдары мен аудандық филиалдары бекітілетін болады, олар ай сайын бекітілген учаскелерде тәртіп пен тазалықты сақтауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ урналарды орнату, аумақтарды көгалдандыру, жолдар мен тротуарларды жөндеу сияқты инфрақұрылымды абаттандыру мен дамытуға байланысты мәселелерді шешеді. Үнемі тазалық пен тәртіпті сақтау жобаның барлық қатысушыларының қоршаған ортаға жауапкершілікпен және саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал ете отырып, күнделікті өмірдің маңызды бөлігіне айналады.

Осылайша, бұл акция ресми және бір реттік емес, тұрақты және жалпыұлттық түрде өтіп тұрады, ал әр аптаның бейсенбісі тазалық күні болады. Бұл акция жаңа экологиялық ойлауды, халықтың экологиялық мәдениеті мен мінез-құлқын құруды, жаңа экологиялық әдеттердің пайда болуын бастауға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаға саналы көзқарасты қалыптастыруды және оны сақтаудың маңыздылығын түсінуді қамтиды.

"Таза бейсенбі" акциясы "Таза Қазақстан" жобасы шеңберінде жалпы мақсаттарға қол жеткізу үшін, Қазақстандағы экологиялық жағдайды жақсарту және өмір сүру сапасын арттыру жолындағы маңызды қадам болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.