Агенттіктің басқармасы 7 маусымда бірқатар қаулы қабылдаған.
Тимур мен Динара Құлыбаевтар Алтын банкті сатып алды
Фото: hops.id
1,069
оқылды

Бұл ақпаратты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі растады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. inform.kz-ке сілтеме жасап.

Агенттіктің басқармасы 7 маусымда бірқатар қаулы қабылдаған. 

Оның бірі Тимур Асқарұлы Құлыбаевқа «Altyn Bank» акционерлік қоғамының (China Citic Bank Corporation Limited ЕБ) ірі қатысушысы мәртебесін (жанама) иеленуге келісім беру жөнінде, ал екіншісі Динара Нұрсұлтанқызы Құлыбаеваның «Altyn Bank» акционерлік қоғамының (China Citic Bank Corporation Limited ЕБ) ірі қатысушысы мәртебесін (жанама) иеленуіне келісім береді. 

Үшінші қаулыда «АЛМЭКС» холдингтік тобы» акционерлік қоғамына «Altyn Bank» (China Citic Bank Corporation Limited ЕБ) акционерлік қоғамының банк холдингі (жанама) мәртебесін иеленуіне келісім берілетіні көрсетілген. 

Осылайша Тимур және Динара Құлыбаевтар «Altyn Bank» акционерлік қоғамын сатып алды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.