Оқиға орнына келген құтқарушылар балықшыға алғашқы көмек көрсетіп, елді мекенге жеткізді.
Алматы облысында адасып кеткен балықшы екі күннен кейін табылды
Фото: ТЖМ
760
оқылды

Алматы облысында ТЖМ құтқарушылары 1947 жылы туған ер адамды құтқару бойынша іздестіру жұмыстарын аяқтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

2024 жылдың 8 маусымында 77 жастағы ер адам Балқаш ауданы Қараой ауылының маңындағы Іле өзеніне балық аулауға шыққан болатын. Бірінші болып балықшының туыстары дабыл қағып, жоғалғаны туралы құтқару қызметіне хабарлаған. 

Екі тәулік бойы құтқарушылар ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен азамат жоғалған жерден 7 шақырым радиуста аэровизуалды іздестіру жүргізді. Жер үсті жұмыстары да жүріп жатты. 

Қараой ауылынан оңтүстік-батыс бағытында 30 шақырымнан астам жолды жаяу патруль аралады. Ер адамды тапқан кезде, ол әлсіреп өзен жағалауында жатқан болатын. Ол адасып кеткен екен. 

Оқиға орнына келген құтқарушылар балықшыға алғашқы көмек көрсетіп, елді мекенге жеткізді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.