Илон Маск ChatGPT-ді ұнатпайды. Ол егер ChatGPT iPhone-мен біріктірілсе, онда Apple өнімдерін өз компанияларында қолдануға тыйым салатынын айтты. Бұл бәсекелестік пе, әлде технологиялық соғыс па?
iPhone мен Tesla арасында «соғыс» басталды ма?
Apple ChatGPT-дің көмегімен генеративті жасанды интеллект жүйесін дамытатын болды. Фото linkedin.com сайтынан алынды. Авторы: javieralbadealba
791
оқылды

Quartz сайтында миллиардер Илон Маск пен Apple арасындағы қиындықтар туралы айтылған материал жарияланды. Бұл мақаладағы мәселенің мәнін Aikyn.kz түсіндіреді.

Илон Маск: «Apple сіздің деректеріңізді OpenAI-ге беріп, оның ары қарай қалай қолданылатынын түсінбейді де!». Фото lindeal.com сайтынан алынды

Apple компаниясы OpenAI және ChatGPT-дің көмегімен генеративті жасанды интеллект жүйесін бірге дамытатыны туралы мәлімдеме жасады. Бірақ бұл жаңалықты технологиялық әлем тұтастай қолдамай отыр.

«Егер Apple операциялық жүйе деңгейінде OpenAI-мен бірігетін болса, онда Apple құрылғылары менің компанияларымда тыйым салынады. Бұл қауіпсіздік қабылдауға келмейтіндей дәреже бұзушылық», – деп жазды Илон Маск X (Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында. 

Маск Apple компаниясының генеративті жасанды интеллектке қатысты жоспарларын сынай отырып, былай деп жазды: «Apple өзінің ЖИ жасау үшін жеткілікті ақылды емес екеніне сену қиын. Бірақ ол OpenAI сіздің қауіпсіздігіңіз бен құпиялылығыңызды қорғайтынына кепілдік беруі ақылға қонымсыз – абсурд! Apple сіздің деректеріңізді OpenAI-ге беріп, оның ары қарай қалай қолданылатынын түсінбейді де!».

Apple ChatGPT-4-o-ны iPhone операциялық жүйесіне, iOS 18-ге, сондай-ақ iPadOS 18 және macOS Sequoia-ға орнатпақшы. Фото blog.tcea.org блогынан алынды

Дүйсенбіде (10 маусым) Дүниежүзілік әзірлеушілер конференциясында Apple ChatGPT-4-o-ны соңғы iPhone операциялық жүйесіне, iOS 18-ге, сондай-ақ iPadOS 18 және macOS Sequoia-ға орнату үшін ChatGPT өндірушісі OpenAI-мен серіктес болатыны туралы жариялады. Apple сонымен қатар  Apple Intelligence  деп аталатын жасанды интеллект мүмкіндіктерінің жинағын жариялады, оның құрамына веб-контентті қорыта алатын және интернет беттерін бөліп көрсететін Safari-ге арналған AI Highlight құралын, сондай-ақ математикалық есептерді шешу үшін «Калькулятор» мен «Жазбаларды» біріктіріп, «Математикалық жазба» қызметтерін біріктіріп,  ЖИ-ді қолданбақшы.

Сонымен қатар Siri виртуалды көмекшісі басқа тапсырмалармен қатар сұрауларға жауап беру үшін iPhone телефонындағы жеке ақпаратты өңдей алатын ЖИ жаңартуын алды.

OpenAI компаниясы ұсынған соңғы ChatGPT-4-o-ны нұсқасы ғажап мүмкіндіктер береді. Мына видеода, орысша, қазақша субтитрлармен көруге болады:

2024 жылдың ақпан айында Маск OpenAI мен бас директор Сэм Альтманды сотқа беріп, компанияның Microsoft-пен ұзақмерзімді, ондаған миллиард долларлық серіктестігі оның пайда табудан гөрі адамзатқа пайда әкелу жөніндегі негізгі міндеттемесіне опасыздық жасайды деп мәлімдеген еді.

Илон Масктің OpenAI-ге қарсы болуының себебі мынада. Маск 2015 жылы Альтманмен бірге OpenAI-дің негізін қалаған, бірақ компанияның дамуындағы мүдделер қақтығысына байланысты 2018 жылы компаниядан кетеді. Оның компанияға қарсы талап-арызында келісімшартты бұзу, сенімгерлік міндеттемені бұзу және бизнестің әділетсіз әрекеттері туралы да айтылған. 

Миллиардер OpenAI-дан өздерінің зерттеулері мен технологияларын көпшілікке ашуды сұрады. Маск сонымен қатар Альтманнан өзінің болжамды заңсыз әрекетінен алған ақшасынан бас тартуды талап етті. Жауап ретінде OpenAI Масктің компанияда жұмыс істеген уақытындағы электронды пошталарының скриншоттарын жариялады. Бұл жазбаларда Масктің OpenAI-ді коммерциялық компанияға айналуын қолдайтыны анық көрінеді.

Илон Маск адамзатқа қауіп төндірмейтін ЖИ жасау жолын таңдады. 2023 жылдың шілдесінде өзінің xAI атты жасанды интеллект компаниясын ашты, ал 2024 жылдың наурыз айында ChatGPT-ге бәсекелес ашық кодпен жұмыс істейтін Grok-ті шығарды.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.