Смартфондарын тастап, орнына «кірпіш телефондар» ұстаған. Цифрлық детокс бүкіл әлем елдерінде алдағы жылдары жайлы мейнстрим болатын сияқты.
10 жасөспірім не себепті смартфоннан бас тартып, «кірпіш телефон» ұстаған?
Британдық 10 жасөспірім смартфондарын «кірпіш телефондарға» ауыстырды. Фото BBC News сайтынан алынды. Авторы: Getty Images фтобанкі
1,082
оқылды

BBC News сайтында 10 британдық жасөспірімнің өз еркімен смартфондарын қарапайым телефонға алмастырғаны туралы мақала жариялады. Aikyn.kz осы материалға сүйене отырып, цифрлық детокс құбылысының болашағын талдайды.

15-жасар Уилл күніне 8 сағаттан астам уақытын смартфонына қараумен өткізеді. Ол бос уақытының көп бөлігін TikTok бейнелерін көрумен өткізеді. Фото BBC News сайтынан алынды. Авторы: Kristian Johnson

Әлем бойынша жүздеген миллион жасөспірім әлеуметтік желілерге тәуелді екендерін мойындағысы келмейді. Бес күндік цифрлық детоксикацияға арналған эксперимент аясында Солфорд қаласының 10 жасөспірімі өз құрылғыларын тек қоңырау шалып, мәтіндік хабарламалар ғана жібере алатын «кірпіш телефондарға» ауыстырды. Олар бұған қалай шыдады?

Уилл күніне сегіз сағаттан астам уақытын смартфонына қараумен өткізеді. Кішкентай кезінде ол велосипедпен серуендеуді ұнататын. Қазір ол 15-те және колледжден кейін бос уақытының көп бөлігін TikTok бейнелерін көрумен өткізеді. Өткен аптада ол әлеуметтік медиаға 31 сағатын жұмсаған. Бірақ эксперимент болатын бес күнде ол әлеуметтік желілерге кіре алмайды.

«Мен қалай шыдаймын деп алаңдаймын. Енді мен ата-анаммен көбірек уақытымды өткізуім керек», – дейді ол. 

Бұл жастардың смартфонға бөлетін уақыттарын зерттейтін BBC жобасының бір бөлігі. Уилл осы экспериментке қатысатын Media City университетінің техникалық колледжінің 10-інің бірі. Олар өз еріктерімен смарфондарын қарапайым Nokia телефонына ауыстыруға келіскен.  Бұндай қадам студенттердің өмірінің барлық аспектілеріне әсер етеді: олар смартфондармен өсті және интернетті барлық жағдай үшін пайдаланады. Олар көбінесе Snapchat немесе Facetime арқылы байланысады, Google Maps-ті пайдаланады және музыканы әрқашан жолда тыңдайды.

Эксперимент басталғанда студенттердің құрылғыларын құлыптап жатқан колледж директоры Колин Гранд: «Бұл нағыз сынақ болады» деген еді.

«Руби смартфонына қатты байланған. Енді ол бізбен көбірек сөйлесетін болды және ерте ұйықтайды. Бұл жақсы үзіліс», – дейді Рубидің анасы Эмма. Фото BBC News сайтынан алынды. Авторы: Kristian Johnson

Руби актриса болуды армандайды. Ол телефонда тым көп уақыт өткізетінін және TikTok көру кезінде ата-анасын мүлдем ұмытатынын, елемейтінін айтады. Тәжірибенің жартысында мен оның отбасына бардым. Мен келсем, 16 жасар қыз колледжге баруға дайындалуда екен. Әкесі оның сөмкесінде жұм ыс формасы бар екенін тексерді, Рубидің анасы бізді трамвай аялдамасына шығарып салды. Руби смартфонды пайдаланудан үзіліс ата-анасымен «көбірек қарым-қатынасты ашты» деп мойындады, ал анасы Эмма детокс қызының мінез-құлқына оң әсер еткенін айтады.

Эмма: «Руби смартфонына қатты байланған, сондықтан бұл оған менің жасөспірім кезімде қандай болғанын көруге мүмкіндік береді. Ол бізбен көбірек сөйлеседі және ерте ұйықтайды. Бұл жақсы үзіліс», – дейді.

Руби әдетте келесі трамвайдың қашан келетінін білу үшін телефонындағы қолданбаны тексеретін. Трамвай аялдамасында тақтадағы кестені оқу қазіргі ұрпақтың ісі емес.

«Телефонсыз менің трамвай кестесін білуім мүмкін емес», – дейді ол.

Біз келесі трамвай вагонын күтіп тұрғанда, Руби маған Nerf ойын орталығындағы толық емес жұмыс күні туралы айтып берді. Ол аптасына екі күн жұмыс істейді, бірақ бүгін ауысымының кейінірек болатынына немесе оның қанша уақытқа созылатынына толық сенімді емес. Орталық менеджері жұмыс кестесін тексеру қажет болған жағдайда Рубиге жұмыс телефонының нөмірін берген, бірақ ол қоңырау шалудан «аздап қобалжыйды».

«Смартфондағы қолданба қандай ауысымда жұмыс істейтінімді көрсетеді, бірақ мына телефонмен оны қазір біле алмаймын. Мен ешқашан жұмысқа қоңырау шалмайтынмын», – деп түсіндірді Руби. 

Ол банк картасымен трамвай билетін төледі, әдетте бұл карта смартфондағы цифрлық әмиянға байланған. Сөйтіп, біз бір сағаттық жолға шықтық.

«Бұл шынымен жақсы болды. Маған өте ұнады. Өйткені мен шығармашылығыма көп уақыт арнаймын, үйге келе сала сурет саламын. Эксперимент маған ұнайтын ісімді қайта табуға көмектесті», – дейді Грейс. Фото BBC News сайтынан алынды. Авторы: Kristian Johnson

Кейбір жасөспірімдерге смартфоннан бас тарту өте қиын болды. Бар болғаны 27 сағаттан кейін 14 жастағы Чарли эксперименттен шығып, құрылғысын қайтаруды сұрады.

«Мен телефонымның осы ғимаратта екенін білдім», – дейді ол. Бірақ біреудің оған байланысқа шығып, таба алмай жатқанын ойлау, желіге қосыла алмау Чарлиге «шынымен стресс болған».

Чарли сияқты, экспериментке қатысқан басқа студенттер де өмірінде маңызды бір нәрсені жіберіп алудан қорқатындарын мойындаған. Бірақ олардың көпшілігі бұл тәжірибенің өздеріне қаншалықты тыныштық пен еркіндік бергеніне таң қалғандарын айтады. Олардың айтуынша, кейбіреулері жақсы ұйықтаған, ал басқалары смартфонсыз өздерінің істерінің өнімдірек болғанын сезінген.

15 жасар Грейс: «Мен бірдеңе үйреніп, көбірек қызығушылық туғанын сезінемін», – дейді. Сабақтан кейін, эксперименттің бірінші күні ол достарымен бірге кірпіш телефондарын «безендіру» үшін пластикалық әшекейлер сатып алуға барған.

Біз сөйлескен кезде оны маған көрсетіп, Грейс шопинг сапары оның құлыпталған смартфонын ұмыттырғанын және тағы бір күтпеген пайда әкелгенін айтты.

«Бұл шынымен жақсы болды. Маған бұл өте ұнады, өйткені ол менің шығармашылығыма көп уақыт арнауыма көмектесті. Үйге келе сала сурет сала бастадым. Эксперимент маған ұнайтын ісімді қайта табуға көмектесті», – дейді ол.

Британ парламентінің депутаттары «16 жасқа толмағандардың барлығына смартфон ұстауға толық тыйым салуды енгізу керек» деп мәлімдеді. Фото BBC News сайтынан алынды. Авторы: Getty Images фотобанкі

2024 жылдың ақпан айында британ үкіметі студенттердің мектепте смартфондарды пайдалануына тыйым салатын жаңа нұсқаулық жариялады. Мамыр айында бір топ парламент депутаттары тек мектепте ғана емес, 16 жасқа толмағандардың барлығына смартфон ұстауға толық тыйым салуды енгізу керек деп мәлімдеді.

BBC Radio 5 Live және BBCBitesize жүргізген 13 пен 18 жас аралығындағы 2000 жасөспірімнің сауалнамада жастардан олардың өмірінің әртүрлі аспектілері, соның ішінде психикалық денсаулық пен смартфон әдеттері туралы сұрады. Survation компаниясы жүргізген сауалнаманың нәтижелері мынаны көрсетті:

23% – 16 жасқа толмаған балалар үшін смартфондарға тыйым салумен келіседі.

35% – 16 жасқа толмағандар үшін әлеуметтік желілерді қолдануға тыйым салу керек деп санайды.

50% – қасында смартфонның болмауы оларды алаңдататынын айтады. Өткен жылы бұл көрсеткіш сәл жоғары (56%) болған еді.

Осы цифрлық детоксикацияға қатысу 10 жасөспірімді құрдастарынан ерекшелендірді. BBC сауалнамасына қатысқан жастардың 74%-ы смартфондарын қарапайым құрылғыға ауыстыруды ойламайтындарын айтады.

Ұзақ  бес күнге созылған эксперименттен кейін студенттерге смартфондарын қайтаратын уақыт келді. Ұстаздары оларды смартфондар құлыпталған бөлмеге бастап барғанда олардың қатты толқығандары білінген. Бірнеше оқушы тіпті қуаныштан айғайлап та жіберген.

Смартфонға тәуелділік ересек адамдар арасында да, отбасында да күшейіп келеді. Мына видеода әзіл болса да, шынайы өмір көрсетілген: Смартфондарын қайта қосқан бойда жасөспірімдер экрандарына жабысып, желідегі беттерді айналдырып, топтық чаттарда сөйлесе бастаған. Бірақ олардың көпшілігі детокстан кейін экран уақытын шектеудің жолдарын іздейтінін айтқан. 

«Мен әлеуметтік желіде қанша уақыт жұмсайтынымды түсіндім және мен оны қысқартып, көбірек шынайы өмірге шығу керек екенін ойластырамын. Мен TikTok-ты азырақ пайдалануға бел будым. Тәулігіне сегіз сағат желіде отыру – ақылсыздық», – деп мойындайды Уилл. 

Ол эксперименттің қиын болғанын және музыканы сағынғанын айтады. Бірақ смартфонның болмауы Уиллге велосипедке деген құмарлығын қайта оятуына мүмкіндік берген. Ол ондаған сағаттарын желідегі беттерді айналдыруға жұмсамай, даладағы серуендеуін жалғастыратын болған.

Цифрлық детокс – бұл ақпараттың көптігінен үзіліс жасау үшін смартфонды, планшетті, компьютерді, теледидарды және басқа цифрлық құрылғыларды бір айға, бір аптаға немесе кем дегенде бір күнге қолданбау.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.