Сәлемдемелердің ішінен жалпы салмағы 3,5 келі каннабис сығындысы (гашиш майы) табылды.  
Пошта арқылы Таиландтан ірі көлемде есірткі алдырғандар ұсталды
409
оқылды

Таиландтан халық тұтынатын тауарлары түріндегі пошта сәлемдемелері арқылы аса ірі мөлшерде есірткі заттарын жеткізу фактісін Қаржылық мониторинг агенттігі "Әуежай-Астана" кеден бекеті мен «DHL» курьерлік компаниясының қызметкерлерімен бірлесіп тоқтатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҚМА Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері қызметтік-іздестіру итінің көмегімен  DHL  уақытша сақтау қоймасын тексеру кезінде кедендік бақылау аймағында халықаралық пошта жөнелтімдерінен 3 қорап табылды, олардың ішінде жалпы салмағы 3,5 келі каннабис сығындысы (гашиш майы) табылды.  

Жедел-тергеу  шаралары барысында төрт күдікті анықталды, олардың тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізілді, онда салмағы 787 гр марихуана және есірткі заттарын өлшеп-орау үшін қажетті басқа да заттар табылып, тәркіленді. 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.  

4 күдіктіге қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.  

ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабы  3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.