Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2024 жылдың 11-13 маусым күндері Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёль Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген болатын.
Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея президентін елорда әуежайынан шығарып салды
601
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапары аяқталған Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёльге құрмет көрсетіп, елорда әуежайынан шығарып салды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2024 жылдың 11-13 маусым күндері Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёль Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген болатын.

Екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, қазақ-корей бизнес-форумына қатысты.

Сондай-ақ сапар аясында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылды.