Айыпты адам мас күйінде жәбірленушіден темекі сұраған.
Темекі бермегені үшін пышақтап тастаған: Астанада түнгі клубта жанжал шықты
Фото: istockphoto.com
384
оқылды

Астанада түнгі клубтың бірінде жанжал шықты, салдарынан 1 адам ауыр жарақат алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Айыпты адам мас күйінде жәбірленушіден темекі сұраған. Жәбірленуші бас тартқан соң, оның өмірлік маңызды органдарына пышақпен көптеген дене жарақатын салған. Салдарынан жәбірленуші денсаулығына ауыр зиян келтірілген. Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында жәбірленуші аман қалды. Сотталушы кінәсін мойындамағанына қарамастан, мемлекеттік айыптаушы сотта оның кінәсін толық дәлелдеді. Құқық бұзушы 9 жылға бас бостандығынан айырылды», – деп хабарлады прокуратура.

Үкім заңды күшіне енді.

Прокуратура кез келген жанжалдың салдары тек әкімшілік жауапкершілікке ғана емес, қылмыстық жауапкершілікке де әкелетінін ескертеді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.