103 арнасына кешкісін баланың тұншығып жатқаны туралы шақырту түскен.
Атырауда тісін жұтып қойған баланың жағдайы ауыр
Фото: istockphoto.com
892
оқылды

Тісін жұтып қойған 5 жасар баланың жүрегі үш рет тоқтап қалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Qazaqstan телеарнасының мәліметінше, қазір ол облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. 103 арнасына кешкісін баланың тұншығып жатқаны туралы шақырту түскен.

Дәрігерлер жедел жетіп, ес-түзсіз жатқан жеткіншекке арнайы аппаратпен кең ауқымды жүрек-өкпе реанимациясын жүргізгеннен кейін тіршілік белгілері пайда болған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.