Еліміздің батысында ауа температурасы өте қатты ыстық +33+42°С, оңтүстігінде қатты ыстық +35+42°С болады.
42 градус ыстық, жаңбыр, бұршақ: 15-17 маусымға ауа райы болжамы жарияланды
Коллаж: telegraf.com.ua
1,386
оқылды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 15-17 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алдағы күндері республиканың барлық аумағында ауа райы тұрақсыз болады, бұл фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты. Жаңбыр, найзағай, екпінді жел күтіледі, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста, орталықта бұршақ жауады деп күтілуде, қатты жаңбыр 15, 17 маусымда солтүстікте, 15 маусымда орталықта, 15-16 маусымда шығыста болжанады.

Еліміздің батысында ауа температурасы өте қатты ыстық +33+42°С, оңтүстігінде қатты ыстық +35+42°С, оңтүстік-шығысында қатты ыстық +28+38°С, солтүстігінде +26+34°С, орталығында +25+33° С дейін, шығыста +21 + 31°С дейін жоғарылайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.