Ол қазақтың заңғар жазушысы – Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің баласы.
Мұрат Әуезов қайтыс болды
Фото: postfactum.kz
1,898
оқылды

Мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезов 82 жасында қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ақпаратты Алматы қаласы Мәдениет басқармасы растады.

Мұрат Әуезов 1943 жылғы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Меркі ауылында дүниеге келген. Ол – қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы, драматург, ғалым, қазақтың тұңғыш "Абай жолы" роман-эпопеясының авторы Мұхтар Әуезовтің ұлы.

Мұрат Әуезов 1965 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Шығыс тілдері институтын филолог-шығыстанушы мамандығы бойынша бітірген. Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған кезде елді құруға белсене қатысқан. Парламент депутаты болып, әдеби зерттеулермен айналысты, Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы тұңғыш елшісі қызметін атқарды.

Ол – көркемдік процестің теориясы мен практикасы бойынша 200-ден астам жарияланымның, сондай-ақ "Уақыт байланыстырушы – жіп", "Иппокрена. Уақыт құдықтарына бару" және "Қайту үшін кету" монографияларының авторы.

Әуезов 2007 жылдан бері Мұхтар Әуезов атындағы қорды басқарып келді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.