Әлішер Ерғали 97 келі салмақта 8-орынға тұрақтаған.
Әлішер Ерғали әлемдегі үздік балуандардың қатарына кірді
Фото: ҰОК
1,179
оқылды

Венгрияда аяқталған рейтингтік турнирден соң Біріккен күрес әлемі (UWW) балуандар рейтингін жаңартты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, аталған жарыста топ жарған Әлішер Ерғали 97 келі салмақта 8-орынға тұрақтаған. Бұл салмаққа енді ауысқан Ризабек Айтмұхан 18-орында. 

Мейрамбек Қартбай (57 келі) төртінші, Болат Сақаев (79 келі) алтыншы сатыда.

Азамат Дәулетбеков 86 келінің көшін бастап тұр. Ол бірнеше айдан бері рейтингте бірінші орында келеді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.