Турнир 15-16 маусымға жоспарланған.
Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан халықаралық турнирде ел намысын қорғайды
Фото: ҰОК
790
оқылды

Чехияның Брно қаласында көркем гимнастикадан Гран-при турнирінің соңғы кезеңі өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, аталған халықаралық сында Қазақстан намысын Айбота Ертайқызы қорғайды. Айбота биылғы маусымда сәтті өнер көрсетіп, Азия чемпионы атанған болатын. 

Айта кетелік, турнир 15-16 маусымға жоспарланған. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.