Салтанатты іс-шара Мюнхен қаласындағы «Альянс-арена» стадионында өтті.
Футболдан Еуропа чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті
Фото: @qazsporttv
1,265
оқылды

Германияда футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Салтанатты іс-шара Мюнхен қаласындағы «Альянс-арена» стадионында өтті.

Ойын алдында Еуропа чемпионына берілетін кубокты Германия құрамасының экс-капитандары Юргенн Клинсманн мен Бернард Диц алып шықты. Қазір А тобында Германия - Шотландия құрамаларының кездесуі өтіп жатыр.

Айта кетейік, Еуропаның үздік құрамаларының 51 кездесуі Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.