Мемлекет басшысы АҚШ-тың Сауда өкілі Кэтрин Тайды қабылдады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кэтрин Тайдың сапары Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы сауда-экономикалық ын­ты­мақтастықты кеңейтуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
АҚШ –  экономикадағы  ірі инвестор
487
оқылды

Мемлекет басшысының айтуынша, соң­ғы отыз жылда екі ел сауда, инвести­ция, қауіпсіздік, адам құқықтары және де­мократия секілді көптеген салада стра­те­гиялық серіктестікті нығайтты.

– Сіздің еліңіз – Қазақстан эко­но­ми­ка­сындағы ірі шетелдік инвесторлардың бірі. Тікелей шетелдік инвестицияның жал­пы көлемі 65 миллиард доллардан аса­ды. Былтыр екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 4,1 миллиард долларға же­тіп, 30 пайыздық өсім көрсетті. Бұл – ре­­­­кордтық көрсеткіш. Қазір Қазақстанда 600-ден астам америкалық компания та­­быс­ты жұмыс істеп жатыр. Мен ин­вес­ти­циялық тартымдылықты жақсартуға, эко­номиканы ырықтандыруға және өнер­­кәсіпті дамытуға баса мән беремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

АҚШ-тың Сауда өкілі Кэтрин Тай құр­мет көрсеткені үшін Мемлекет бас­шы­сына алғыс айтты. Сондай-ақ сауда бай­­­­ланыстарын дамытуға және эконо­ми­калық ықпалдастықты нығайту үшін қа­жетті жағдай жасауға, соның ішінде Сауда жә­не инвестициялар жөніндегі негіз­де­ме­лік келісімді жүзеге асыруға қатысты жаңа тәсілдерді бетпе-бет талқылауға мүм­кіндік бергеніне ризашылығын біл­дірді.