Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агент­ті­гінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады.
Президент Асхат Жұмағалиды қабылдады
656
оқылды

Президентке жемқорлыққа қарсы күресу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндалды. Агенттік төрағасының мәліметі бойынша, жыл басынан бері елі­­мізде 947 жемқорлыққа қатысты қыл­мыс тіркеліп, 660 адам әшкереленді. Оның 104-і – әртүрлі деңгейдегі бас­шы­лар. Тер­геу амалдары аяқталған қыл­мыс­тық істер аясында 193,5 миллиард теңге өтел­ді. Жал­пы, 2022 жылдан бері мемле­кет­ке жә­не квазимемлекеттік сектор су­бъек­­ті­леріне 1,03 триллион теңге көлемін­де мү­­лік­тік активтер мен қаржы қайта­рыл­ды.

Биыл білім, ғылым, спорт, дәрі-дәр­мек сатып алу, құрылыс, жер телімдерін бөлу салаларына жүргізілген талдау және мо­ниторинг жұмыстарының қорытын­ды­сы бойынша 113 есеп әзірленді. Мем­ле­кеттік органдарға жемқорлық тәуекел­де­рін жоюға бағытталған мыңнан астам ұсы­ныс берілді.

Алдын алу шаралары аясында, соның ішін­де «Бірыңғай сатып алу терезесі» пор­та­лына мониторинг жүргізу арқылы 31 мил­лиард теңгеден астам бюджет қаража­ты­ның тиімсіз жұмсалуына жол берілмеді. «Бизнеске жол» жобасын жүзеге асыру ке­зінде 7,5 мыңға жуық кәсіпкердің құ­қы­ғы қорғалып, 67 түйткілді кейс шеші­мін тапты.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына жыл басынан бері Қатар, Гонконг, Әзер­бай­жан және Ресей Федерациясының сы­­бай­лас жемқорлыққа қарсы ведомство­ларымен ынтымақтастық туралы 4 ме­морандумға қол қойылғаны жайында мә­лімет берілді. Атал­ған құжаттар құқық­тық көмек көрсету, активтерді қайтару, адам­дарды іздестіру, бюджет қара­жа­ты­ның мақсатты жұм­салуына және сатып алу үдерісіне мони­торинг жүргізу мәсе­ле­лері бойынша серік­тестікті нығайтуға ба­ғытталған.