Жаз басталмай жатып еліміздің оңтүстігі Түркістан облысының бірнеше ауданында шегіртке қаптап кетті.
Шырылдауық шегіртке көгалды құртты гөләйттап...
479
оқылды

Бұл күнде өңірдің бес бірдей ауданында шырылдауықтар жайылымдарды жайпап, егістікті отап келеді деген түрлі фото-видео желіде тарады. Шаруалар  зиянкестердің тездетіп көзін жоймаса, егістіктерден өнім алу мүмкін болмайтынын айтады. 

Әлеуметтік желіде Арыс­та­ғы үй аулалары мен егістік ал­қаптарын құмырсқаша қаптаған шегіртке басып қалғаны жайында ви­деолар тарап жатыр. Тіпті, бақ­ша­лардағы жәндіктің көптігінен ая­қ алып жүру мүмкін емес екенін кө­руге болады. Айтқандай, «ше­гірт­ке – халал» деп ҚМДБ Шари­ғат және пәтуа бөлімінің маманы Ел­бек Тасболатұлы пәтуә жасап­ты-мыс. Бұл мәлімдемеден кейін шулаған жұрт істікке шегіртке түй­реп кәуәп жасап жатқан көрі­не­ді. Бұл қалжың болар, әрине. Де­­­­­генмен қазір қалжыңдайтын уа­қыт емес екені рас. Диқандар егіс алқаптарындағы өнімдерін қор­ғап әлек. Кейбіреулер от жа­ғып, түтін түтетуде. Бірақ қаптаған қа­лың шегірткеге түтін сап бола ма, жоқ па ол жағы белгісіз. Ал егі­­­ні мен еткен еңбегі зая кет­пеу­дің қамын ойлаған диқандар, за­лал­сыздандыратын дәрілерді өздері сатып алып, мотобүрік­кіш­термен шашып жатқан көрінеді. Оң­түстіктегі ауыздықталмай отыр­ған шегірткенің мәселесін ай­тып, Премьер-Министрдің орын­басары Серік Жұманғарин зиянкеске қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізді. 

Белгілі болғандай, қазір Түр­кі­стан облысында өңделген 270 мың гектардан бөлек, зиян­кес­тердің тағы 50 мың гектар­­дан астам аумаққа тара­ғаны анықталды. Түркістан облысының Арыс қаласын­да, Сарыағаш, Келес, Ор­дабасы және Шар­дара аудандарында қо­сым­ша өңдеу жұмыстары жүр­гі­зілуде екен. Облыс әкімдігінің ха­барлауынша, алқаптарды өң­деуге 70 жерүсті техникасымен қо­са, 4 қосымша ұшақ тартылған. Қа­зір барлық қажетті техника кө­көніс және бақша дақылдары ай­наласына шоғырланған.

Ең өкініштісі, сол шырыл­дауық шегіртке Түркістан обл­ысында ғана емес, Ақтөбе және Қос­танай облыстарына да қап­тау­да. Ақтөбе облысы әкімдігінің ха­­­­барлауынша, өңірде шегіртке­лер­мен күрес басталған. Мұнда да облыстың 12 ауданында 281 мың гек­тар жер өңделу үстінде екен. Ай­мақтағы шегірткелердің ин­кубациялық жерлерін анықтауға 600-ге жуық адам жұмылдырылған көрінеді. Ал Қостанай облысы­ның бес ауданы бойынша барлы­ғы 29,4 мың гектар аумақ химия­лық өң­деу­ден өткізілуде деп ха­­­бар­лан­ды. 

Айта кететін тағы бір дүние, осы жылы шегірткемен күресу үшін қазынадан 8 млрд теңге бөлін­ген. Бұл қаражат алдын ала ше­гірт­ке қаптап кетуі мүмкін деп бол­жанған 2,5 млн гектар алқапқа ар­найы есептелген.

«Бұған дейін шегірткенің та­ралу аумағы биылғыдай жойқын бол­­ған емес. Оның таралуының ық­­тимал салдарын бәріміз де ес­кер­мейміз, мен Ауыл шаруа­шы­лы­ғы министрлігінің Мемлекеттік инс­пекция комитетіне барлық про­цедуралық мәселелерді тез ара­да аяқтауды және барлық қа­жет­ті техниканы жіберуді тап­сы­ра­мын. Осы шегірткеге қатысты апта­сына екі рет штаб отырысын өт­кізетін боламыз», – деді оты­рыс­та Серік Жұманғарин.

Ауыл шаруашылығы министрі Ай­дарбек Сапаров күні кеше Түр­кі­стан облысына жұмыс сапары­мен барды. Мұнда ол шегіртке­лер­ге қар­сы күрес пен ша­руа­­шылық­тар­ды сақтау мақсатында ми­нистр­лік тарапынан қабыл­да­нып жатқан ша­ра­лар туралы айтып ди­қандар­ды са­бырға шақырды. «Биыл өң­деуге 2,5 млн гек­тар ал­қап жос­пар­лан­ған, бұл соңғы жыл­дары (2016 жыл­дан бастап) – химиялық өң­деу­дің ең кең ау­мағы болып сана­ла­ды. Өткен 2023 жыл­мен салыс­тыр­ғанда бұл 1 млн гек­тарға ар­­­­тық. Салыстырмалы түрде айтар бол­сақ, біздегі өңделетін жер Орталық Азияның барлық елі өң­дейтін ау­мақ­ты қосқаннан да көп болып тұр. Дегенмен тиісті шара қол­­да­ну­­да­мыз», – деп атап өтті Ай­дар­бек Сапаров диқандармен кез­де­суде.

Қазақстан аумағында қаптап жатқан шегірткелерді ғалымдар үш топқа бөліп отыр. Олар – азия ше­гірткесі, италиялық шегіртке және марокко шегірткесі. Бұлар­дың ішінде ең қауіптісі марокко ше­гірткесі екен. Ол алдындағысын түгелімен талқандап, соңынан шаңы шық­қан топырақ қана қал­дырады. Ш­егірткенің бұл түрі жеңіл улау кезінде түгел жойылып кет­пейтін көрінеді. Оңтүстіктегі дернәсілдің басым бөлігі осы ма­рок­ко шегірт­кесі екені де айтыл­ған еді жедел штаб отырысында. 

Шегірткенің бір ғана аналы­ғы­нан тараған үйір бір күнде екі қойға жететін жемді тып-типыл ете­ді екен. Бұл енді өте үлкен шы­ған­ға ұшырататын жағдай. Шын­дап күреспесе күллі ел не бидай, не көкөніс жинай алмайтын түрі бар. Ал біздің елде осы шегіртке тұ­қым­дасының 100 ден аса түрі бар екені айтылуда. 

«Шегірткенің өсу деңгейі әр 11 не 12 жылда қайталанып отырады. Биыл қайталану уақытына сәйкес к­е­ліп отыр. Аймақтарда, облыс ор­талықтары мен аудандарда ор­та­лық жедел штабтан бөлек қо­сым­ша штабтар жасақталған. Мұн­да барлық мәлімет жиналып, жою бағытына қарай жоспар құры­­лып отырады. Шегірткенің қап­тауы, әрине үлкен қиындық ту­дыруда. Сондық­тан кез келген тұр­ғын не қожалық ма­мандары ше­гірт­кенің ошағын байқаған жағ­дай­да дереу штабқа ха­бар беруі қажет. Енді қа­зір Түркістан облы­сы бойынша қажетінше бар­лық тех­ника мен дәрі-дәрмек жет­­кізілді. Тек жұмысты дұрыс ұйым­дастыру қажет», – дейді АШМ мем­лекеттік инспекция ко­митеті төрағасының орын­ба­­сары Мұхтар Алиев. 

Еліміздің экс-ауыл ша­­руа­шы­лығы ми­­нистрі Ербол Қа­ра­шөкеев өткен 2023-тің көк­те­мінде «Қазақ­стан алқаптарында 2024 жылы ше­гірт­­ке қаптайды. Биыл осы процесс әбден шегіне жет­ті», – деп болжам жасаған. Не де болса, Қарашөкеев сәуегей екен. Айтқаны аумай келді. Деген­мен шегірткенің мұнша мол бола­ты­нын білсе де, кейінгілерге тап­­­сы­рып үлгермей қалғанға ұқ­­сай­­ды. Енді ел үміті бүгінгі ми­нистр­де бо­лып тұр. 

Ғалымдар әр шегіртке кем дегенде 100 жұмыртқа салады деп отыр. Жұмыртқа салып қа­на қой­май, оларды топырақ ас­тына кө­міп, жасырып кетеді екен. Осы­лай­ша, топырақ беті жылына келе құртша жыбырлап шыға ке­леді. Оңтүстікте шегірткенің оша­ғы ал­ғаш байқалған жер Түр­кістан об­лысына қарасты Байтоғай ауы­лы болып отыр. Осы ауылдың тұр­­ғыны Сәрсенбай Тағаев көк­тем­де жылқы іздеп жүріп шегірт­ке­нің құжынап жатқан жұмырт­қа­­­ларын көргенін айтады. «Жыл­­­­қы іздеймін деп ауыл сыр­тына шыққанмын. Кенет көзім жерде құрт сияқты жыбырлап жатқан, түсі қорғасын қара даққа түсті. Мыңдаған, тіпті миллион­да­ған құрт быжынап, қайнап жа­тыр екен. Денем түршігіп кетті. Осын­дай ұялар әр 50-100 қадам сайын кездеседі. Қарайған малы­ма жеткенше мұндай ұяның та­лайын көрдім. Бірақ не екенін білмедім», – дейді тұрғын. 

Ал байтоғайлық диқан Нұркен Сейсенбек алты гектар жерге ек­кен қарбызының түгі қалмайты­нын айтып налиды. «Он күннен ас­ты шегірткеден құтыла алмай отыр­мыз. Тек мен емес, ауылдың ба­сындағы жағдай – осы. Ауы­лы­мызда барлығы 60 гектар қарбыз алқабы бар, осының 30 пайызын жеп қойды. Ауыл әкімдігінен еш пай­да болмай тұр. Енді шығын үс­тіне шығын жамап дәрілерді өзі­­міз сатып алып сеуіп жүрміз. 4 млн қарызым бар, күз келе қары­зым­ды өтей алмай қаламын ба де­ген қор­қыныш басым», – дейді ди­қан Нұркен Сейсенбек.

«Қазір облыс бойынша бар­лығы 271 мың гектар алқапта ше­гірт­кеден улау жұмыстары жүр­гі­зілді. Жер көлемі мен шегірткенің та­ралу аймағы жоспардағыдан едәуір үлкен болып кетті. Басты себеп ауа райының қолайсыздығы болып отыр. Биыл жауын көп, шөп қалың. Біз шегірткені дер ке­зін­­де улағанымызбен алқаптағы қа­лың шөп толық улануға мұрсат бер­­ме­ді. Себебі улаушы сұйық­тық­тың де­ні шөп жапырақтарына тұнып топыраққа жетпей қалды. Одан бөлек, жаңбырдың молдығы да кедергі болуда. Бірақ қазір барлық шаруашылық бақылауда. Ондай бір үлкен мәселе туындап жатқан жоқ. Ал әлеуметтік желіде тарап жат­қан бейнелердің кей­біреуі фэйк болып шықты. Тіпті, осыдан бірнеше жыл бұрынғы жаз­баны желіге салып жібергендер де бар екен. Есеп бойынша бар­лы­ғы ба­қы­лауда», – дейді Түркі­стан об­лыс­тық Аумақтық инс­пек­ция бас­­­шысының орынбасары Бек­тас Музаппаров.

Мақаланы жазу барысында улау кезінде шегірткенің қырылып жатқанын көрсеткен жа­збалар мен фото суреттерді де кө­зі­міз шалды. Демек жұмыс қар­қы­ны жаман емес деп түйдік. Ал ше­гірткенің қаптауына кей жағ­дай­да мамандардың салғырттығы себеп болады екен. 

«Ақтөбе мен Қостанай облыс­тарында үйірлі итальяндық ше­гірт­келердің көбеюінің негізгі себебі алдыңғы жылдардағы құр­ғақшылық ерекше әсер етті. Құр­ғақ­шылық кезде шегіртке молы­нан жұмыртқалап, күбіршелерді көп салады. Бұл табиғи құбылыс. Сондықтан күзгі және көктемгі улау жұмыртқалар бойынша тек­серу, болашақ генерацияға болжам жа­сау кезінде мұқият болу керек. АШМ қарасты «Республикалық фи­тосанитарлық диагностика жә­не болжам беру орталығы» ма­ман­дары жұмысты дұрыс істеді және биыл барлық қауіпті орындар дер кезінде өңделді. Бірақ авто және пойыз жолдардың жиектері, ор­ман алқаптарының маңы және өзге де елеусіз жерлер кейде назар­дан тыс қалып жатады. Шаруалар мен тұрғындар мұндай олқылық­тарды байқаған кезде мамандарға жеткізуі қажет. Бізде немқұрайды­лық басым. Әйтпесе, еліміз бойын­­ша шегірткелерге өңдеу жұ­­мыс­та­рын жүргізу үшін пести­цид­тер жет­кілікті мөлшерде» – дейді био­­­логия және өсімдік қор­ғау са­ла­сының маманы, қауым­­дас­ты­рыл­ған профессор Құрмет Байбу­сенов. 

Еккен егіні мен жинайтын өнімінен айырылған ди­қан­дарға өтемақы беру мәселесін шаруалар өзара айтып қана қойға­ны болмаса, бүгінде мемлекет та­ра­пынан бұл жағына мойын бұ­­рыл­ған жоқ. Тіпті, өтемақы бер­ме­се де, қалған егінді аман алып қалу­­ға ел болып күш салу қажет. Ше­­­­гірткенің қаптауын 11-12 жыл­да қайталанатын құбылыс деп емес, жыл сайын ғалымдармен ке­­лісе отырып, улау тәсілін қолға ал­ған абзал болмақ. 

Бердібек ҚАБАЙ